Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру аясында «Коммуналдық қызмет» МКК тұрғындардың коммуналдық қызметтерге қатысты өтініштерін тәулік бойы қабылдап, өңдеуге арналған Жедел әрекет ету орталығын ашты.
Орталық заманауи технологиялармен жабдықталған: мониторинг панельдері орнатылған, Smart City жүйесімен интеграцияланған, әрбір аудан бойынша аналитика жүргізіледі. Орталық мамандары күнделікті оқытудан өтіп, шағымдардың 85%-ына дейінгісін сыртқы қызметтерге жібермей-ақ шеше алады.
Кәсіпорын директоры Жанна Құсаинованың айтуынша, орталықтың басты мақсаты – мәселелерді жедел шешіп қана қоймай, олардың алдын алу, яғни предиктивті талдау арқылы болдырмау.
Орталыққа 109 нөмірі арқылы немесе «Коммуналдық 24/7» мобильді қосымшасы арқылы байланысуға болады.